Едресов Қайырлы Едресұлын еске алуға арналған облыстық волейбол турнирі

26.02.2026

2026 жылдың 25 ақпанында «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК колледж директоры Едресов Қайырлы Едресұлын еске алу аясында облыстық волейбол турнирі өтті. Турнир колледждің дамуына елеулі үлес қосқан басшының есімін ұлықтау, облыс оқу орындарының студенттері арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Турнирдің салтанатты ашылу рәсіміне құрметті қонақтар, педагогикалық ұжым өкілдері, білім алушылар және Қайырлы Едресұлының ұлы — Едресов Қанат Қайырлыұлы қатысты. Турнирге Солтүстік Қазақстан облысы колледждерінен 7 команда қатысты. Турнирге Солтүстік Қазақстан облысының колледждерінен 7 команда қатысты. Тунир қорытындысы бойынша орындар төмендегідей бөлінді: І орын — КМҚК «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі»; ІІ орын — КММ «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі»; ІІІ орын — КМҚК «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» командасы. Командалар құрамынан үздік ойыншылар жеке номинациялар бойынша марапатталды: «Үздік байланыстырушы» — Попондопол Антон, «Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі» КМҚК білім алушысы; «Үздік қорғаушы» — Воронов Антон, «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК білім алушысы; «Үздік шабуылшы» — Рыхтиков Никита, «Новоишимка аграрлы-техникалық колледжі» КММ студенті. Жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен, медальдар және дипломдармен марапатталды. Турнир өзара құрметке, спорттық бәсекеге және колледж дәстүрлерінің сабақтастығына негізделген жоғары деңгейде өтті. 25 февраля 2026 года в КГКП «Высший сельскохозяйственный колледж имени Жалела Кизатова» состоялся Областной турнир по волейболу, посвящённый памяти директора колледжа Едресова Кайырлы Едресовича.



Текст
Виртуальная приемная